Блогтың дүниеге келу тарихы

Шекарасыз тілшіден бірер ауыз сөз…

Сәлем, менің ардақты асыл досым! Қалайсың? Күнделікті күйкі тірлікпен шыға алмай, амандық сұрауға да “шамамның жетпегеніне” кешірегөр! Құдайы қонақ болып, блогыма келгеніңе бек қуаныштымын! Менде блог бастауды жөн көріп отырмын! Негізінен ғұмыры бір аптаға созылған “Киіз кітап” деген блогым болған. Оны блогспоттан ашқан едім. Бірақ, жанымның қалауы Уордпресс болатын. Сол Уордпресс маған бір блогын қимай-ақ қойды! Әуелі Алладан, сосын Уордпресстен жалынып сұрап қоймадым! Бір күні тағы Уордпересстің  тағы мазасын алып, қоймай отырғанмын. Қаншама аттарды жаздым, қабылдамайды. Ақыры болмағасын “блог берші ” деп жазып едім, міне қызық блогым ашылды да қалды! Ойй Саган құпия сөзімді недеп жазғанымды айтпай-ақ қояйын! Ол жағы онсыз да түсінікті болар! Сонымен менің блогым осылай дүниеге келді! Атына қарап бір түрлі деп жүрменіздер! Шыны керек, Сендермен бір түрлі ойларыммен бөліскім келеді! Сондықтан, үнсіз келіп үнсіз кетпей өздеріңіздің бір түрлі пікірлеріңізбен бөлісіп кетсеңіз менің бір түрлі блогым түрлі-түрлі болып қалар еді!

Ех, шіркін! Осынау шетімен шегі жоқ ғаламат кең дүниенің бір түкпірінде менің де блогымды ойлайтын, сағынатын, жүздескенше асығатын бір жан табылып жатса, ондай сәтті сезіну қандай бақыт!

6 пікір | Блогтың дүниеге келу тарихы

  1. sheber says:

    Қуантатын блогтарды оқығанды ұнатам) сондықтан, мен жазылымдарыңа жазылдым! Плюс бір оқырман =))

  2. urimtal says:

    Бәсе, атыңнан үркіп жүр едім. ;) Блог атының тарихын жазғаның жөн болыпты. :) Сәттілік тілеймін! Еркін де, ашық жазып жүргенің ұнайды!

  3. blogbershi says:

    Рахмет! Блогымның тағдыры солай болса кайтейін!Маңдайына жазылғаны осы да! Өзімде осы атынан қатты ұяламын! Бірақ, естен кетпейтін жағдай болды!)))

  4. Gastarbaiter says:

    Демек Сырласу стилінде жазатын бірден бір блоггер болдың ғой, керемет. Ашықтық байқалатыны рас.

  5. maqpal says:

    “Блогберші” атануыңның тарихы қызық екен :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.