Шырша мерекесі қайдан шыққан?

Осы бір Жаңа Жыл мерекесін жыл сайын тойлап келеміз. Дүние есігін ашып, ес білгелі осы бір мерекеде шырша безендіріп, бір-бірімізге сыйлық ұсынып, жылы лебіздер айтып жатамыз. Дегенмен Жаңа  Жыл мерекесінің шығу тарихын біл де бермейміз. Осыған байланысы “Ақтөбе газетінен” алынған мақаладан үзінді жариялап отырмын.

Ертеде, сонау қараңғы дәуірлерде, адамдар надандықтың салдарынан Құдай деп пұтқа табынғаны белгілі. Әркім өзі қалаған «құдайын» қолдан жасап алатын болған. Әсіресе, мәңгі жасыл қалпынан айнымайтын ағаштар адамдардың ерекше құрметін туғызып, құдайдың бейнесі ретінде қабылданды.

Сонымен олар әуелде орманға барып, мәңгі жасыл ағашқа табынатын. Оған түрлі әшекейлер іліп, сәндеп қоятын болған. Кейін келе шыршаны үйлеріне әкеліп, ошақ басындағы ең құрметті орын — төрге отырғызатын болды. Жылдар жылжып, заман өте келе бұл жаппай дәстүрге айналып, мәжусилердің өмір салтының ажырамас бөлігіне айналды.

Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін ресейліктер 1700 жылы қаңтардың бірінде І Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, І Петрдің өзі басқарған мейрамның таңға дейін созылғандығы туралы жазылады. Кеңес дәуірінде де жаңа жыл ерекше тойланатын…

Желтоқсанның 25-і Исаның туған күні делініп, жаңа жылды Юлиан күнтізбесі  бойынша тойлаған деген де дерек бар.

Тағы бір қызығы, бірқатар этнограф тарихшылар қыпшақтарда да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

Оған дәлел Мұрат Әжінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» атты тарау бар. Онда әуелде бұл мереке Құдайлар мен аруақтар мекені — жер шарының тура кіндігінде тіршілік ететін Жер-Судың құрметіне арналады. Тап сол маңда үнемі ақ сақалды Үлкен есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны ылғи қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көреді екен. Мұрат Әжінің дәлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шырша мерекесін 25 желтоқсанда, күннің түнді жеңгеніне орайластырып тойлаған екен. Тілек, дұғалары Тәңірінің құлағына шалынсын деген ниетпен, шыршаны үйлеріне әкеліп, оған неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң әлгі әсем шүберектермен көмкерілген шыршаны айнала би билеп, ән салатын болған.

Егер дәл осылай болып, Жаңа жылды шыршамен қарсы алуды түркі халықтарының байырғы мейрамы деп санайтын болсақ, онда Еуропаға бұл мереке кейінірек келген болып шығады.

Мәңгі жасыл ағаштың қай ғасырда, қай заманда төрден орын ала бастағаны жайлы ешкім де бас қатырып ойланбайтыны белгілі. Белгілісі — Христостың туған күнімен сәйкес келетін Жаңа жылда жасыл шыршамыздың шамы жанып, ақ қайнарлар атылып, кейбіріміз Қыдырға балайтын Аяз атаның тәтті таратып, көңіліміздің айрықша көтерілетіні.

Авторы: Лаура ПАЛМАН

3 пікір | Шырша мерекесі қайдан шыққан?

  1. ProBlogger says:

    31 жел. Жаңа жыл деп әбден санамызға енгізіп алыппыз.
    Мұныда жақында біліп жатырмыз әрине. Мұхамеджан Тазабековтың айтуы бойынша Мемлекет бізге тойла деп Наурызда да Айтта да демалыс беріп жатыр, бірақ біз тойламаймыз ол күндері, неге?(тойлаймыз ғой бірақ осы 31ші желтоқсандағыдай емес) Ал ең сорақысы Аяз ата келеді деп кішкентайымыздан алданып… әй әй әй…
    Бұл үлкен адасушылық. Менің ендігі жерде білгім келетіні басқа блоггерлер 31 желтоқсанда қайда болады және қалай өткізеді осы жөнінде ең бірінші Аршаттың ойын және сіздің ойыңызды білсек Жазира ханым

  2. blogbershi says:

    Жалпы жақсы ниетте болу керек деп ойлаймын!Ес білгелі тойлап келеміз. Жаңа жылды төрт жыл болды тойламаймын.ол күндері теледидар алдында жаңа жылдық бағдарлама қараймын.Тек, жаңа жыл қарсаңында жақындарыма сыйлық сыйлап, жылы лебіз білдіремін.
    ProBlogger сіздің де осы жайында ойыңызды білгім келеді!

  3. ProBlogger says:

    Бізге де 4 жыл болмасада Жана жыл дегенді ұнатпайтынып хақ, Бірақ қанша дегенмен санамыз ға сіңіп қалған нәрсе ғой. Мәскеу бірден… демекші ақырындап келеміз

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.