Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ,өміріміз тынышталып,француздар атаған “өмір ләззатынан ” көбірек дәм татамыз
Дәл бүгіннен бастап
1.Дәл бүгінен бастап мен бақыттымын. Дәлірек айтқанда,Авраам Линкольннің “Адамдардың көпшілігі қанша бақытты болғысы келсе,сонша бақытты” деген сөзін басшылыққа аламын.Бақыт дегеніміз айналамыздағы қалыптасқан жағдайдың нәтижесі.
2.Дәл бүгіннен бастапмен өзімнің ойымдағы емес,мені қоршаған өбірге бейімделе бастаймын.Мен өзімнің отбасымды,жұмысымды,айналамда болып жатқан жағдайларды дәл сол күйінде қабылдаймын және оған етене араласуға тырысамын.
3.Дәл бүгіннен бастапмен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын.Мен дене шынықтыру жаттығуларын жасап,өз үсті-басыма күтім жасаймын.Дұрыс тамақтанамын,өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.
4.Дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын.Жақсы жағымнан көрінуге тырысамын.Мүмкіндігінше,өзіме жарасатын киім киіп,адамдармен дауыс көтермей сөйлесем,ешкімді сынамауға,ешкімге жөнсіз тиіспеуге,ешкімді басынбауға тырысам.
5.Дәл бүгіннен бастапбүгінгі күнмен өмір сүремін,өз өмірімдегі барлық проблемаларды бірден шешуім мүмкін еместігін есте сақтаймын.
6.Дәл бүгіннен бастапмен жарты сағат жалғыздықта,тыныш жерде отырып тынығамын,ойларымды қалыпқа келтіруге тырысамын.
7.Дәл бүгіннен бастапмен бақытты болудан,әдемілікке сүйсінуден,сүюден және сүікті болудан қорықпаймын.Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретіндігіне сенетін боламын.
Сіз өзіңізді өмірге құштармын деп есептесеңіз және солай жасасаңыз,шынында да өмірге құштарлығыңыз артады.
PS: Бұл сөздер “Бакытты болу жолдары ” қауымдастығынан алынды.Мөлдір Исаханова атты қыз жазба қалдырыпты. Ғаламторды шарлап журіп кездейсоқ көріп қалдым. Өзімде осы қағдиданы ұстанып журуші едім. Сізде байқап көріңіз! Өзіңізді керемет бақытты сезінесіз!
2) және 4) пункттерде абай болғаныңыз жөн. Себебі, қазір адамдардар қатты өзгерген.
Ол да мүмкін!
7-шісі әдемі екен
“Ертеңнен бастап, темекі қоямын” дейтін группалас жігіт болушы еді, бірақ, сол темекісін қоя алмады. Сол есіме түсіп кеткені, негізі өзімізге байланысты ғой.
мен жоспар құрғанда “дәл ертеңнен бастап” дейтінмін. Сен маған қарағанда пысық екенсің
Іске сәт!
Бір екі айдан кейіе “отчет” күтем)))
Рахмет! Нәтижесі қазірден бастап көрініп жатыр!)))))
Осындай заттарды оқып-оқып аламыз да, кейін өкінішке орай ұмытып кетеміз. Мысалы, Секрет фильмін көріп болған соң қанаттанып, ия осылай істеймін деп кірісесің де, кейін бәрі жәймен қалады.
Бірақ тырмысып көрсе болатын шығар, Іске сәт!