MediaNet* Халықаралық журналистика орталығы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауына ие жобаның аясында қазақстандық журналистер мен блоггерлерге арнап шикізат көздерінен/өндіруші салалардан түскен табыс мәселелерін көтерген ең үздік мақалаға байқау жариялайды.
Байқау шикізат көздерінен түскен табыстың ашықтығы мен экономикалық даму, тұрақты даму, өндіруші салалардан түскен пайданы басқару, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, бюджеттік ашықтық мәселелеріне журналистер мен қоғамның назарын аудартуға бағытталған.
Байқауға 2009 жылдың қыркүйегі мен 2010 жылдың ақпаны аралығында материалдары жарық көрген мерзімді басылымдар мен электронды БАҚ журналистері, фрилансерлер, жаңа жазып, бастап жүрген авторлар, блоггерлер және басқалар қатыса алады.
Байқауға ұсынылған материалдарда келесі мәселелер көтерілуі қажет:
- жер қойнауы байлықтарын игерушілердің қызметін реттеу;
- өндіруші компаниялардың төлемдері мен өндіруші саладан түскен мемлекеттің табысы;
- өндіруші өнеркәсіптен түскен табысты басқару;
- өндіруші салалардағы қызметтің ашықтығы (EITI) аясындағы есеп берушілік;
- өндіруші салалардағы қызметтің ашықтығы (EITI) валидациясы
- тұрақты даму (корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, өндіруші компаниялардың әлеуметтік инвестициясы, қоршаған ортаны қорғау, компаниялардың жергілікті жауапкершілігі);
Байқауға мерзімді басылымдар мен электронды БАҚ-да, елге танымал блог-платформаларда жарық көрген журналисттік зерттеулер, сараптамалық мақалалар, сюжеттер, репортаждар, блог жазбалары, подкасттар қабылданады.
Әділқазылар шешімімен байқауда бірінші орын алған материал авторы 60 000 теңгелік сыйлыққа ие болады, екінші және үшінші орын иегерлері, сәйкесінше, 45 000 және 30 000 теңге көлемінде сыйлық алады.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары ұйымдастырушылардың өзге де жобалары мен шараларына белсенді түрде қатыстырылады.
Байқауға жіберілген материалдар тәжірибелі журналистер мен Сорос-Қазақстан Қорының өкілдерінен тұратын сараптамалық комиссияның алдынан өтеді.
Байқауға қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады.
Сұранымдар мен материалдар 2010 жылдың 15 ақпанына дейін жіберілуі тиіс.
Сұранымда өтініш беруші аты-жөнін, жұмыс орнын, байланыс телефондарын және электронды поштасын, материалдың тақырыбы мен жарық көрген күнін көрсетуі қажет.
Өтініштер келесі электронды пошталар арқылы қабылданады:
vassilina@medianet.kz (орыс тілінде)
ziyadin@medianet.kz (қазақ тілінде)
Байқау нәтижелері 2010 жылдың 22 ақпанында жарияланады және MediaNet-тің сайтына қойылады (www.medianet.kz).
Қосымша ақпаратты алу үшін келесі байланыс мәліметтерімен хабарласуға болады:
Дінмұхамед Зиядин – 2616669, 2721529, +7 702 490 17 67, ziyadin@medianet.kz
Василина Воркова – 2616669, 2721529, +7 701 549 98 58, vassilina@medianet.kz
Мекен-жай: Алматы қ., Қазыбек би к-сі 50 (Панфилов пен Фурманов көшелерінің арасында), 3 қабат, 100 кеңсе
Posted by blogbershi 





